Экологияға жауапты лауазымды тұлғалар жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экологияға жауапты лауазымды тұлғалар жазаланды

16.05.2022

Табиғатты ластап, экологиялық талаптардың бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалар жазаланды. Тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар тізімінде Ақтөбе, Алматы. Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшылары бар. Олар өз жұмысына салғырт қарағандықтан тұрмыстық және өндірістік қалдықтар көбейген. Прокурорлар арнайы тексеру барысында өндірістік қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге төгудің 43 фактісін анықтаған.

Мысалы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты рұқсаты жоқ кәсіпорындарға 150 мың тоннаға жуық қауіпті қалдықтарды өткізген. Ал олар бұл қалдықтарды қаладағы бос жатқан жерлерге тастаған. Кінәлі адамдарға айыппұл салынып, 80 млн теңгеден астам шығын өндірілді. Оған қоса, зауытқа қоршаған ортаға эмиссия түрінде 1 млрд 600 млн теңге көлемінде төлемақы есептелді.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу