Биыл елімізде 165 инвестициялық жоба іске асырылып, 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағандыдағы өндіріс орындары басшыларымен кездесуінде осылай деді. Өңірге жұмыс сапарымен барған үкімет мүшелері бірқатар өндіріс орындарын аралады.
Вице-Премьер алдымен Теміртаудағы "Имсталькон" және "КазАрматура" компанияларына ат басын бұрды. Кәсіпорындар ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етіп келеді. Бұдан кейін Ералы Тоғжанов "Борусан Макина Қазақстан" ЖШС-нің өндірісті жаңғырту барысымен танысты.
Үкімет басшысының орынбасары өңірге сапарын 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыруға арналған кеңеспен түйіндеді. Оған орталық мемлекеттік органдардың, даму институттарының, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, шағын және орта бизнестің өкілдері қатысты.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:Отырыс барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев әрбір бағыт бойынша толығырақ баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан бері бірқатар ірі компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысшылардың жалақысын орта есеппен 20%-ға арттырған.
Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:Биыл елімізде 165 инвестициялық жобаны іске асыру есебінен 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жұмыспен қамту бойынша өсім Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында болады деп күтілуде. Ералы Тоғжанов бағдарламаны іске асыру барысы бақылауда екенін атап өтті. Жобалық кеңсе аясында мониторинг ай сайын жүргізілмек.
Ботабек Маратұлы