Түрікменстанда «Орталық Азия – Ресей» парламентаралық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрікменстанда «Орталық Азия – Ресей» парламентаралық форум өтті

13.05.2022

Жиынға Түрікменстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан парламент басшылары қатысты. Сенат төрағасы Қазақстандағы реформа туралы таныстырды. Конституциялық өзгеріс – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға арналған,-деді Мәулен Әшімбаев. Жыл аяғына дейін 20-дан аса заң қабылдау көзделіп отыр.

Сондай-ақ ол геосаяси ахуал шиеленісіп тұрған кезеңде парламентаралық ынтымақтың маңыздылығына тоқталды. Орталық Азияның бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеу өңірі болуына бәрі мүдделі. Бірақ, Ауғанстандағы жағдай – есірткі трафигі, шекара маңындағы келеңсіздіктер, су ресурстарының шектеулігі мен экологияға байланысты бірқатар өзекті мәселе бар.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу