Қазақстан мен Түркияның мұнай саласындағы әріптестігі қайта жанданбақшы
Қазақстан мен Түркияның мұнай саласындағы әріптестігі қайта жандануы мүмкін. Себебі ол елде қара алтынға деген сұраныс артып келеді. Еліміздің энергетика министрі Болат Ақшолақов Түркиядағы әріптесімен кездескенде бірлесіп жұмыс істеу жолдары талқыланған. Қазір Түркия Қазақстан мұнайын Каспий құбыры консорциумы, Транснефть және теміржол арқылы алып отыр. Енді теңіз арқылы жеткізу жолдары қарастырылып жатыр. Ол үшін еліміз «Баку — Тбилиси — Джейхан» мұнай құбырына қосылуы мүмкін. Қазір осы жоспарды жүзеге асыру тетіктері жан-жақты зерттелуде. Түрік инвесторлары Қазақстандағы мұнай секторын зерттеу жұмыстарына да қызығушылық танытып отыр.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
Олар айтады, Қазақстанмен бірігіп жұмыс істеуге бола ма? Мұнайды тауып, өндіріп, одан ары Түркияға алып кетуге. Мен айттым, әрине ондай мүмкіншілік бар. Әр инвестормен жұмыс істейміз. Сіздерден осындай қызығушылық болса, біз ашықпыз, талқылауға дайынбыз, деп. Кезінде біз бірлесіп ондай жұмыстарды атқарғанбыз. Бірақ 2013 жылдан бері ол жұмыс тоқтап қалған.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08