Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 6 млрд доллардан асып 33%-ға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 6 млрд доллардан асып 33%-ға өскен

11.05.2022

Орталық Азия елдері бұған дейін Ресей арқылы тасымалдаған тауарын енді Құрық портына қарай бағыттауға ниетті. Геосаяси ахуалға байланысты олар экспорттың балама бағытын іздеп жатыр. Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан мен Өзбекстанның өкілдері ЕуроОдақ пен Халықаралық сауда орталығы ұйымдастырған Ready4trade алаңында кездесті. Тараптар кедендегі кедергілер мен тауардың сапасына қатысты сұрақтарды үш күн талқылайды.

Лариса Кислякова, Орталық азиядағы көлік-логистикалық бағыт бойынша серіктес: /Тәжікстан/
Құрық және Ақтау портының мүмкіндігі мен тауар тасымалдау құнын қарап, зерттеп жатырмыз. Бұл бағыт Ресейге қарағанда қымбатырақ. Дегенмен біз Қазақстанмен де, Бакумен де бағаны түсіру туралы келіссөз жүргіземіз. Өйткені қазір Ресей арқылы тасымалданып келген барлық жүкті Каспий теңізіне қарай бағыттағымыз келеді. Бұл – әсіресе тез бұзылатын тауарларды жеткізу үшін жақсы мүмкіндік.

Жалпы пандемиядан кейін Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 6 млрд доллардан асып, 33%-ке өскен. Енді Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның алыс-берісін арттыру жоспарланып отыр.

Нұрлан Құлбатыров, «QAZTRADE» сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары:
Сауда кедергілерін болдырмау, сауда порталдарын жасау, яғни орта және шағын кәсіпкерлерге ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қазақстан мен Өзбекстан арасында өзара сауданы 10 млрдқа жеткізу. Қазтрейдтің болжамына қарай, орта кезеңде Орта Азияның Қазақстанмен саудасын 10 млрд доллардан асыруға болады.


Хабарламаларға жазылу