Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары жалғасып жатыр. Кеше екі елдің мемлекет басшылары мен Үкімет мүшелері кеңейтілген құрамда кездесіп, 15 екіжақты келісімге қол қойды. Сапардың екінші күні екі ел бизнес өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
Айдос Әшімұлы тілші:Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Анкарадағы қазақ-түрік кәсіпкерлерінің бизнес-форумы жаңа ғана аяқталды. Жиын қорытындысы бойынша құны 1 млрд доллардан асатын бірнеше тиімді инвестициялық жобаға қол қойылды. 30 жылдан бері алыс-берісі үзілмеген екі елдің кәсіпкерлері тиімді бизнес байланыстарды әрі қарай да жалғастыра бермек ниетте. Ал бизнес форумға дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа түрік кәсіпкерлерінің қатысуымен елімізде жүзеге асып жатқан ірі инвестициялық жобалар таныстырылды. Одан кейін Президент елімізге жылдар бойы қомақты инвестиция құйып келген түріктің ірі инвесторларымен жеке-жеке кездесіп, алдағы жоспарларын тыңдады.
Айдос Әшімұлы, тілші:Президенттің Түркияға алғашқы мемлекеттік сапары ауқымды әрі мазмұнды болды. Кеше екі елдің басшылары мен Үкімет мүшелері кеңейтілген құрамда кездесіп, түрлі саладағы ынтымақты тереңдетуге бағытталған 15 екіжақты келісімге қол қойды. Ал бұл сапардың ең маңызды шешімдерінің бірі екі елдің қарым-қатынастарын кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру туралы құжаттың қабылдануы.
Айдос Әшімұлы