«Жаңа толқын-2014» фестивалінің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді
Ертең, сағат 14.00-де Қазақстан Баспасөз клубында Халықаралық «Жаңа толқын-2014» фестивалінің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, байқау 22-27 шілде аралығында Латвияның Юрмала қаласында өтті.
Шараға қатысу үшін әлемнің 45 мемлекетінен 15 мың жас талант өтінім білдірген. Алайда, ақтық сайыста 13 мемлекеттен тек 16 қатысушы бақ сынады.
Қазақстан атынан өнер көрсеткен әнші Әлішер Кәрімов 10-шы орыннан көрінді.
Қазақстандық жанкүйерлер халықаралық ән байқауын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалады.
Ертеңгі баспасөз мәслихатына әнші мен оның продюсері Алтынбек Рахметов қатысады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеген
24.08.2026, 10:58
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды құттықтады
24.08.2026, 10:08
Жалпыұлттық онлайн-марафон өтті
24.08.2026, 10:07
Партия жетекшілері сайлау қорытындысын оң бағалады
24.08.2026, 10:06
Exit poll нәтижесі
24.08.2026, 10:04
Байқаушы: Сайлау барлық халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылған
24.08.2026, 10:02
Шетелдегі барлық сайлау учаскелері жұмысын аяқтады
24.08.2026, 10:02
Соңғы сайлау учаскесі жабылды
24.08.2026, 10:00