Ұлыбританияда муниципалды кеңес мүшелері мен аудан мэрлерінің сайлауы өтті
Ұлыбританияда муниципалды кеңес мүшелері мен аудан мэрлерінің сайлауы өтті. Бұл саяси науқан парламенттік сайлаудан да маңызды саналады, дейді біздің Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова.
Марина Бекенова, тілші:
Бұл науқанның маңызы зор. Шенеуніктер төрт жылға сайланады. Көп дауыс жинаған жағдайда олар қазына қаражатын жоспарлау, көлік, тұрғын үй және қоқыс жинау сияқты мәселелерге жауапты болады. Паламенттік сайлаудан да маңызды деп аталуы сол себептен. Оның биылғы ерекшелігі — Консервативті партия атынан қатысқан үміткерлер Борис Джонсонды көшбасiы ретінде мақтан тұтудан бас тартты. Бұған Премьер-министрдің локдаун кезінде сауық кешіне қатысуы және қымбатшылықпен күресте дәрменсіздік танытуы себеп. Оппозиция да үкімет басшысын күнкөріс деңгейі төмен отбасыларға қажетті деңгейде қолдау көрсетпеді деп айыптап жатыр.
Кир Стармер, Лейборшылар партиясының көшбасшысы:
Қайда барсақ та сайлаушылар коммуналдық төлемдерді төлей алмайтындықтарын айтып шағымдануда. Солтүстік теңізде жұмыс істейтін мұнай және газ компанияларына салынған салықтың есебінен оларға көмек көрсетілуі керек еді деп ойлаймын.
Украинадағы жағдайдан кейін көгілдір отын мен жарықтың қымбаттап кеткені белгілі. Ол өз кезегінде бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасының шарықтауына әкелді. Сайлау нәтижесі бүгін жария етіледі. Сайлаушылар арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес оппозиялық партия билік партиясына қарағанда көбірек дауыс жинайды деген болжам бар.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06