"Қайсар" әскери-патриоттық ойындар аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

"Қайсар" әскери-патриоттық ойындар аяқталды

05.05.2022

Елде өткен "Қайсар" әскери-патриоттық ойындар өз мәресіне жетті. Бүгін жас өрендермен кездескен "Аманат" партиясы, Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен халық қалаулылары оларға жауынгерлік тәрбие жайын сөз етіп, ерлік көрсеткен соғыс қаһармандары туралы баяндады. Жауынгерлік рух көтеретін сайысқа еліміздің барлық өңірінен екі мыңдай мектеп оқушысы атсалысты. Ақтық сайысқа өткен 100-ден астам қатысушы әскери қызметтің қиындықтарын бастан өткеріп, далалық кедергілерден өтуден жарысты. Ең үздік үштіктің қатарына Маңғыстау, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысының командалары кірді. Оларға медальдер мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Әділ Анарбай, қатысушы:
Біз бүгін осы Қайсар армиялық патриоттық сайысына қатысуға келдік. Өте жаңа әсерлер алдық. Бізге ұнады. Өзімізді бір күні армияда болғандай сезіндік. Жаңа эмоциялар. Бұл сайыстың жақсы бір жері қазақ жастарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігін, Қазақстанды қорғауға деген патриотизмді көтеретін сайыс.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу