Астанада  әскери-патриоттық ойындар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада  әскери-патриоттық ойындар өтті

01.11.2017

Астанада 150-ге жуық жас өрен «Жау жүрек мың бала» әскери-патриоттық ойынында ең мықтыны анықтады. Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы мұрындық болған әскери сайыс биыл тұңғыш рет ұйымдастырылды. Оған жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар орта мектеп оқушыларынан жасақталған 15 команда қатысуға ниет білдірген. Оқушылар эстафетадан бастап, жартылай автоматты винтовкадан ату, граната лақтыру және автоматты уақытқа жинау бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша, оларға арнайы кубок пен естелік сыйлықтар табысталды.

Асхат Оралов, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

 - Жалпы, іс-шараның мақсаты - жастарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігін, әскери- патриоттық сезімдерін қалыптастыру және арттыру. «Жаужүрек мың бала» елордада бірінші рет өткізіліп жатыр. Осы шараны дәстүр ретінде жалғастырамыз деген ойдамыз. 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу