«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынының биылғы жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынының биылғы жеңімпаздары анықталды

24.07.2018

Ауқымды шараның нәтижелері мен үздіктері туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды. Биыл жарысқа 32 командадан 500-ден аса адам қатысқан. Олар түрлі сынақтан, күрделі кезеңдерден өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша әскери-патриоттық клубтар арасында Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің командасы жеңімпаз болды. Ал, өңірлер арасында Павлодардың «Қайсар» командасы бірінші орынды еншіледі. Биылғы жарыс Астананың 20 жылдығына арналған. «Мұндай сайыстар жасөспірімдер арасында отансүйгіштікті күшейтуге сеп болары анық», - дейді ұйымдастырушылар. Жалпы, шараға қатысқысы келетін жастар саны жыл өткен сайын артып келеді екен. 

Мұхамеджан Таласов, «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының жетекшісі:

- Жыл сайын өткізілетін «Айбын» әскери-патриоттық жиыны ең ауқымды шара болып табылады. Соңғы үш жылда «Айбынға» 3 мың 110 бала қатысты.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу