Зейнетақы қорындағы жаңа жеткілікті шек бойынша 700 мыңдай адам жинағының бір бөлігін ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы қорындағы жаңа жеткілікті шек бойынша 700 мыңдай адам жинағының бір бөлігін ала алады

03.05.2022

Зейнетақы қорындағы жаңа жеткілікті шек бойынша 700 мыңдай адам жинағының бір бөлігін ала алады. Қордағылардың хабарлауынша тұрғын үйге және емделуге деп ақша сұраған азаматтардан қазір де өтініш түсіп жатыр. Бірақ ол алдыңғыдай көп емес.

Ал жеткілікті шек көлемі көтерілмей тұрып, зейнетақы қоры екі жарым миллион өтінішті қарап, салымшыларға 3 триллион 400 миллиард теңге аударған. Оның басым бөлігін азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланған. Емделуге 300, өзге компанияның басқаруына 8 миллиард аударылып отыр. Ал қордан алынған ең жоғары сомма тұрғын үй категориясы бойынша 180 миллион, емделу мақсаты бойынша 22 миллион теңге. Осы бағдарлама қолға алынғанғалы қорға түсім де артқан.

Мұрат Шәріпов, БЖЗҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры:
Көптеген азаматтарымыз зайнетақы жарналарын төлемеген. Жәй қолма-қол ақша алып жүрген азаматтарымыз көп. Бүгінгі күні ол кісілердің саны азайып келе жатыр. Өйткені олар жұмыс берушіден талып етіп жатыр. Сол үшін біз оны көріп отырмыз, ақшаның түсуі мөлшері көбейіп келе жатыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу