Шығыста Асубұлақ аумағында орман жанып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыста Асубұлақ аумағында орман жанып жатыр

03.05.2022

Шығыста қорық өртеніп жатыр. Көкпекті ауданындағы «Құлынжон» қорығында 120 гектар даладағы қу шөп күлге айналған. Облыстық Төтенше жағдай қызметінің ақпараты бойынша бұл қорықтағы өрт кеше кешке қарай сөндірілген. Дегенмен толық сөнгенше орманшылар жекелеген аумақтарды бақылап жүр. Ал Ұлан ауданындағы Асубұлақ орман шаруашылығында 50 гектар жер өртенді. Орман өртін сөндіруге 150 маман мен 2 тікұшақ және 29 техника жұмылдырылған. Асубұлақ аумағы құз жартас болғандықтан техникамен жету мүмкін емес. Сондықтан өрт сөндірушілер тек тікұшақпен жеткізілген.

Арман Есентаев, облыстық Табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары:

Жартас кейбір жерлерде адам өте алмайтын жер. Оны тек үстінен десант түсіріп тікұшақпен сөндіріп жатырмыз. Кейбір жерде қиын болып, автокөліктер жете алмай жатыр. Тек қана атпен жаяу, барлық жаяу жүргендерге арқалап 20-50 литр су жеткізу.


Хабарламаларға жазылу