«Ертіс орманы» резерваты 3 күннен бері өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ертіс орманы» резерваты 3 күннен бері өртеніп жатыр

20.04.2021

Павлодар облысының Шарбақты ауданында орман үш күннен бері жанып жатыр. «Ертіс орманы» резерваты қызметкерлері мен жергілікті еріктілер қарағайлы ормандағы өртті қазір өз күштерімен сөндіруде. Ал Павлодардан барған Төтенше жағдайлар департаментінің адамдары мен техника кері қайтарылды.

Естеріңізге сала кетейік, Шарбақты ауданы аумағында қырдағы құрғақ шөп жанып, орман алқабына жеткен болатын. Алдын ала мәлімет бойынша 1200 гектар жер отқа оранған. қазірдің өзінде 30 дан астам техника мен 200-ге тарта адам бықсыған жерлерді сөндіріп жатыр. Өрттің нақты себебі әлі анықталған жоқ.   

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу