Павлодар облысы аумағындағы 330 гектар қарағай алқабы жанып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысы аумағындағы 330 гектар қарағай алқабы жанып кеткен

06.04.2022

Павлодар облысы аумағындағы «Ертіс орманы» резерватына қарасты 330 гектар жер өртеніп кетті. Төтенше жағдай мамандары таратқан мәліметке қарағанда жалын Көкжал орман шаруашылығының бірнеше жыл бұрын жанып кетіп, қуарған қау шөппен көмкерілген аумағында басталған. Ал, біраздан соң желдің бағытына қарай ауысып, осыдан екі жыл бұрын отырғызылған жас өскіндерді де біраз шарпыған. Қазір өрт толық сөндірілді. Отқа оранған аумақта тексеру жүріп жатыр. Әзірге тілсіз жаудың неден тұтанғаны және қаншалықты залал келтірілгені белгісіз. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу