Өскеменде 4 жастағы бала құтқарылды
Өскеменде 4 жасар бала шелекке кептеліп қалып, қайта шыға алмай қалды. Қараусыз қалған бала 40 литрлік ыдысқа түсіп кеткен. Бүлдіршінді әпкесі құтқармақ болғанымен, одан еш нәтиже шықпаған соң, 112-ге қоңырау шалып көмек сұрайды. Құтқару қызметінің мамандары арнайы құрал арқылы ыдысты кесіп, баланы алып шықты. Денсаулығына еш зақым келген жоқ. Тек шошып қалғаны байқалады. Төтенше жағдай қызметкерлері жалпы мұндай жағдай жиі болатынын айтады. Сондықтан кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18