Қазақстан мен Еуро Одақ елдері екі жаққа қатынайтын әуе рейстерін көбейтуге ниетті
Қазақстан мен Еуро Одақ елдері екі жаққа қатынайтын әуе рейстерін көбейтуге ниетті. Азаматтық авиация саласында ынтымақты арттыру үшін қазақстандық делегация Брюссельде Еуропалық комиссия өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Жақын күндері отандық әуе компания Грекия мен Чехияға ұшуды көздеп отыр. Осы уақытқа дейін тек Нұр-Сұлтанға қатынап келген Польшаның әуе компаниясы енді «Варшава-Алматы» рейсін іске қоспақ. Бельгия мен Нидерландтың әуе компаниялары да Қазақстанның бірнеше қаласына рейс ашудан үмітті. Басқосуда тараптар, ұшу қауіпсіздігі, техникалық көмек беру мәселелерін талқылады.
Талғат Ластаев, ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы:
Еуропалық комиссия Қазақстанның соңғы жылдары ұшу қауіпсіздігі саласында жеткен жетістіктеріне жоғары баға беріп отыр. Азаматтық авиация халықаралық ұйымының қауіпсіздік стандарты бойынша біз 84 пайызға жеттік. Бұл жоғарғы көрсеткіш. Алдағы уақытта ұшу қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық агенттікпен ынтымақты арттырмақпыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06