Ресей Киевке екі зымыран жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Киевке екі зымыран жіберді

29.04.2022

Гутерриш барған кезде зымыранмен соққы берді. Ракетаның біреуі 25 қабатты үйдің төменгі қабаттарын қиратқанда 10 шақты адам жараланды. Бір тұрғын қаза тапқан. BBC-дің хабарлауынша, екінші снаряд белгісіз нысанға тиген. Қазір үйінді астында қалып қойғандар іздестіріліп жатыр. Украина бас штабының хабарлауынша, бүгін үлкен шайқас Донбасс пен Харковь түбінде жүріп жатыр. Ресейліктер шығыс майданда бірнеше бағытта шабуыл жасамақ болып сәтсіздікке ұшыраған. Жергілікті әскер болса, Харковь маңындағы «Кутузовка» ауылын басқыншылардан азат еткенін жариялады. Ресей қорғаныс министрлігі дәлдігі жоғары қарумен украиналықтардың жүздеген нысанын жойғанын мәлімдеп отыр.

Байден Украина үшін 33 млрд доллар сұрады

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға көмектесу үшін Конгресстен тағы 33 миллиард доллар сұрады. Егер Құрама Штаттар парламенті бұл өтінішке оң жауап берсе, Украинаға бөлінетін қаражат айтарлықтай еселене түседі. «Рейтер» агенттігінің дерегінше, бұл пакеттің 20 миллиарды қару-жарақ, оқ-дәрі және басқа да әскери мақсаттарға, 8,5 миллиарды тікелей экономикалық қолдауға және 3 миллиарды гуманитарлық жәрдемге бағытталады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу