НАТО Украинаның әуе қорғанысын күшейтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НАТО Украинаның әуе қорғанысын күшейтпек

13.10.2022

Әлемнің 50-ден астам елінің қорғаныс министрлері Брюссельде бас қосып, Украинаның әуе қорғанысын күшейтуге уағдаласты. Олар Ресейдің ракеталық шабуылдарын тоқтату үшін Киевке ең озық зениталық зымыран жүйесін беруге уағдаласты. Мұндай техниканы Украинаға Ұлыбритания, Канада, Франция, Нидерланды, АҚШ жеткізбек. Сонымен қатар, олар Ресей армиясымен шайқасып жатқан елге ракеталар мен радарлар жөнелтпек. Ал, Германия уәде еткен зымыран жүйесі Украинаға бірер күн бұрын жеткізілген.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу