Ресей екі зымыран ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей екі зымыран ұшырды

10.05.2014
Ресей екі зымыран ұшырды
16 наурыз күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 12.10-да «Экспресс-АТ1»  ғарыштық аппараты ұшырылды. Араға 18 минут салып, «Экспресс-АТ2» ғарышқа жол тартты. Бұл туралы mediasat.ua хабарлайды.
 
«Протон» зымыран тасығышы үшін бұл осы жыл ішіндегі екінші, ал тарихтағы 395-ші ұшырылым.
 
«Экспресс-АТ1» және «Экспресс-АТ2» ғарыштық аппараттары «Академик М.Ф. Решетнёв атындағы  Ақпараттық спутниктік жүйе» ААҚ-ында жасалған. КА «Экспресс-АТ1» «Экспресс-1000H» платформасы негізінде құрылған. КА салмағы шамамен 1800 келі тартады. Ғарыштық аппаратта Ku-диапазонда жұмыс істейтін 32 транспондер орнатылған.
 
КА аппараты ғарышта кемінде 15 жыл жұмыс істейді деп жоспарланған. Ол Ресейдің батысы мен орталығын, Сібірдің батысы мен орталығын және тұтас Қазақстанды геостационарлы орбитадан телевидениемен қамтымақ.
 
Ал телекоммуникациялық КА «Экспресс-АТ2» «Экспресс-1000К» платформасы базасында жасалған. Оның салмағы – 1250 келі. Ku-диапазонда жұмыс істейтін 16 транспондер орнатылған. Ғарышта кемінде 15 жылдай болатын бұл аппарат Ресейдің шығысын телевизиялық қызметпен қамтамасыз етпек.

Хабарламаларға жазылу