Ақмолалықтар екі күн ішінде полицияға 50 қару тапсырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолалықтар екі күн ішінде полицияға 50 қару тапсырған

28.04.2022

Ақмолалықтар екі күн ішінде полицияға 50 қару тапсырған. Олардың 46-сы тегіс ұңғылы, 3-еуі ойық және біреуі травматикалық. Атыс қаруының бәрі баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қазір, тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өтіп жатыр. Өз еркімен тапсырғандар жауапкершілікке тартылмайды. Қайта, 10-нан 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төленеді. Ал, тексеріс кезінде тұрғындардан заңсыз қару табылса, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Көкшетаулық Марат Көбетаев 60 жыл бойы сақтап келген мылтықты полицияға тапсырды.

Марат Көбетаев, Көкшетау қаласының тұрғыны:

Ата-бабаларымыздан қалған қамшы, тағы да заттар, ескі, сол мылтық та бізде ілулі тұрды. Әдемі болып, есте сақтау ғой. Сосын естігесін, немерелер өсіп келе жатыр, тие беретін болғасын, тапсырайын деп осында келдім.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу