Петропавлда 1925 жылы жасалған қару мұражайға табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда 1925 жылы жасалған қару мұражайға табысталды

12.08.2014
Петропавлда 1925 жылы жасалған қару мұражайға табысталды

Петропавл қаласының 31 жастағы тұрғыны атасынан мирас болып қалған көне қаруды полицияға өз еркімен тапсырды.

1925 жылы Ижевск зауытында жасалған мылтық Француз революциясы кезінде қолданыста болған қару «Мушкетке» ұқсайды.

Ал, петропавлдыққа 39 мың теңге көлемінде сыйақы табысталады.

Жалпы «Қаруды өз еркімен тапсыру» акциясы басталғалы бері Солтүстік Қазақстанда 442 адам өз еркімен қаруларын тапсырған.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу