Таразда тағы да қару табылды
Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестіру жұмыстары өңірде әлі де жалғасып жатыр. Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 6 қару, 3 граната ,5 оқшантай және 216 патрон тапты. Оның ішінде шолақ және тегіс ұңғылы мылтықтар, тапаншалар мен жарылғыш гранаталар анықталып, тәркіленді. Қазір табылған қаруларға қатысты сот баллистикалық сараптама тағайындалған. Ал Полиция департаменті ұрланған қару-жарақ пен арнайы құралдарды өз еркімен тапсырғандар жауапкершілікке тартылмайтынын хабарлайды.
Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Жамбыл облысының Полиция департаменті қару, оқ-дәрілер және арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмысты және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Нұрдос Сембек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06
Смартфонды 2 сағаттан артық қолдану денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін
18.07.2026, 20:05