Таразда соңғы аптада 15 қару-жарақ табылды
Таразда соңғы аптада 15 қару мен 1000-ға жуық патрон табылды. Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскерилерінен жоғалған атыс-қаруларын табуға бірнеше жасақ құрылған. Қараусыз қалған нысандар, жертөлелер мен шатырлар түгел тексерілуде. Қылмыскерлер ұрланған қаруды тіпті қала аумағындағы зираттарға жасырып қойған. Сондықтан оларды табуға полиция қызметкерлеріне иіс сезгіш иттер көмектесуде. Бір аптаның ішінде 3 «Калашников» автоматы, 6 дана аңшы мылтығы, 3 «Макаров» тапаншасы мен травматикалық қару және түрлі калибрдегі 1000-ға жуық оқ-дәрі тәркіленді. Қазір қару-жарақтың бәрі сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.
Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:Қаруды полицияға өткізу акциясы әлі де жалғасуда. Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» – «Брюгге»: Астанада қауіпсіздік күшейтілді
20.01.2026, 13:30
Интернет-алаяқтармен күрес күшейді
20.01.2026, 13:24
Сәбіз экспортына тосқауыл қойылмайды
20.01.2026, 13:21
Былтыр 913 мың адам жұмысқа кірген
20.01.2026, 13:18
Кәсіпкерлер салық режимін таңдап, хабарлама беруі керек
20.01.2026, 13:15
Курчатовта электр станциясы салынады
20.01.2026, 13:12
Р.Кенжеханұлы: Заң қазақ тілінде жазылуы керек
20.01.2026, 13:09
Әлеуметтік желіні балалардың пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін
20.01.2026, 13:06