Үкімет басшысы халықтың әл-ауқатын жақсартудың негізгі қадамдарын пысықтауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы халықтың әл-ауқатын жақсартудың негізгі қадамдарын пысықтауды тапсырды

27.04.2022

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын енгізу – Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын жақсартудың негізгі қадамдарының бірі. Үкімет басшысы аталған ұйыммен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында осылай деді. Басқосуда еліміздің Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына қатысуы туралы келісімнің қолданылу мерзімін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту қажеттігі айтылды. Бұдан басқа, Қазақстан Үкіметі мен аталған ұйым арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның қолданысын 2023-2026 жылдарға ұзарту талап етіледі. Үкімет басшысы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын мақұлдап, Қазақстан үшін маңызды емес шығындарды алып тастау үшін бірқатар жекелеген тармақтарды қайта пысықтауды тапсырды.  

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу