Үкіметтің ең негізгі міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтің ең негізгі міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру

23.08.2019

Үкіметтің ең негізгі міндеті – қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Осылай деген Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінде жүктеген тапсырмалары елдегі әлеуметтік мәселелерді шешетін бағдар деп атап өтті. 2019 жылы 373 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп болжанған. Қазіргі таңда оның 60 пайызы іске асты. Ал атаулы әлеуметтік көмекті 340 мың жанұя немесе 1,8 миллион адам алып отыр. Сондай-ақ, 1,2 миллион қазақстандықтың банк алдындағы қарызы өтелді. Өтеменің жалпы соммасы 33 миллиард теңгеге шақ.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Қазақстандықтардың жалақысы осы жылы екі есе өсті. Жалпы, 3 миллион қазақстандықтың жалақысы 15-тен 30 пайызға дейін көбейтілді. Ең үлкен берілген тапсырма – қазақстандықтарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу.

Ал Аақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан тұлғалармен күрес күшейетінін айтты. Фэйк ақпарат тарату арқылы, қоғамды дүрліктіріп отырғандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе қомақты айыппұл арқаламақ.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Менің мәліметім бойынша... Кеңінен айтуымыз керек.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу