Эпид ахуал: Түркияда маска тағу талабы алынып тасталды
Түркияда көшеде және ғимараттардың ішінде маска тағу талабы алынып тасталды. Осылайша ковидпен күрес жөніндегі комиссияның шешімі үш жылдан кейін күшін жойды. Бұл ақпаратты ел Президенті Режеп Тайып Ердоған жариялады. Бірақ, әзірге ауруханалар мен қоғамдық көлікте маска тағу міндеті сақталады. Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мың адамнан азайған кезде бұл талап та алынады. Соңғы тәулікте Түркияда екі мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Сондай-ақ екі жыл бұрын Түркия Президенті жанынан арнайы құрылған коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы комиссия да жұмысын тоқтатты.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
Медицина мамандарының айтуынша, созылмалы науқасы барлар мен қариялар, сондай-ақ вирус жұқтырғандармен байланыста болған басқа да отандастарымыз әзірге маска тағып жүргендері дұрыс. Бұдан бөлек, пандемияны жеңуге үлкен септігін тигізген вакцинаны салдыруға немқұрайлы қарамауымыз керек. Сондықтан барлық емханаларда екпе егу жұмыстары жалғаса береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06