«Алтын белгі» иегері қорытынды емтиханнан босатылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын белгі» иегері қорытынды емтиханнан босатылуы мүмкін

10.11.2022

«Алтын белгіге» үміткер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қорытынды емтиханнан босатылады. Оқу-ағарту ісі министрлігі қолданыстағы бұйрыққа өзгерістер енгізуді ұсынды.

Биылғы оқу жылынан бастап, жалпы білім беретін пәндер бойынша үздік оқушылар және соңғы үш жыл бойы халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлер қажет болған жағдайда қорытынды емтихандардан босатылып, үздік белгісін алады.

Яғни, 11-ші сынып оқушылары халықаралық олимпиадаларға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарына қатысқан жағдайда қорытынды аттестациядан босатылуы мүмкін. 

Азамат Нұғыманов 


Хабарламаларға жазылу