Елімізде өңдеу өнеркәсібін қолдауға 1,7 трлн теңге бөлінеді
Импортты алмастырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкіметі отырысында айтылды. Алдағы уақытта қандай тауарлар өзімізде өндірілмек?
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Ішкі нарықты отандық өнміммен толық қамту керек. Бүгінгі Үкімет жиынында осы тақырыпқа басымдық берілді. Билік пен бизнес өкілдері біріксе шетел тауарларына тәуелділіктен арылуға болады. Ол үшін бірқатар жоспар бар. Мәселен, тек өңдеу өнеркәсібіне қатысты бас аяғы 165 жоба жүзеге аспақ. Құны - 1,7 трлн теңге. Негізгілеріне тоқталсам. Елімізде биыл пропилен, автомобиль шиналары, алтын өндіру фабрикасы мен мұнай өңдейтін зауыттың құрылысы басталмақ. Келешекте шыны, ыдыс аяқ өндірісі қолға алынады. Ал азық-түлік бойынша біраз өнімдермен 100 пайыз өзімізді қамтып отырмыз. Дегенмен барлық түрі емес. Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл 33 жоба әзірлепті.
Ербол Қарашөккев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Жалпы 2022 жылға 33 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 7 ет комбинаты, 10 сүт өңдеу зауыты, 10 құс фабрикасын салу және кеңейту бойынша жоба және 165 мың гектар алаңда 6 бақша салу. Бұл жобалар республиканың 13 өңірінде жалпы сомасы 38 млрд теңгеге іске асырылатын болады. Нәтижесінде 1,7 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Раушан, сол өзімізде өндірілетін тауарларларға сұраныс бола ма, мәселе сонда ғой?
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Иә, бастысы импортты алмастыратын тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Премьер-Министр импортты алмастыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Әуелі жергілікті әкімдіктегілер жоба инфрақұрылымына барынша қолдау таныту керек. Қаржыландыру және білікті кадрлар даярлау мәселесін қолға алу керек.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33