Қызылорда облысында дауыл салдарынан 5 ғимараттың шатыры ұшып кетті
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында қатты жел соғып, ауылдың астан-кестеңін шығарды. Дауыл салдарынан 5 ғимараттың шатыры ұшып кеткен.
Жарақат алып, зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, кент орталығындағы көппәтерлі тұрғын үй шатырсыз қалды. Мұнан бөлек, аудан әкімдігі мен қаржы бөлімінің және екі білім беру нысанына желден айтарлықтай зиян келген. Қазір, әкімдікпен шұғыл шаралар қабылданып, дауылдан кейін бүлінген нысандарды қайта қалпына келтіріліп жатыр. Сондай-ақ, қатты соққан желден бірқатар елді мекен жарықсыз қалып, электр подстанцияларында авариялық жағдай тіркелген. Шығын көлемі есептелуде, дейді мамандар.
Саид Молдақараев, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Қазіргі таңда Кейден және Жайылма ауылдық округтарында осы зардап шеккен желілерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құзырлы мекемелерден комиссия құрылып, осы төтенше жағдайдың салдарынан шығындарды есептеу жөнінде өз жұмысын бастап кетті.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12