Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірге – таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында Ботаникалық бақта көшет отырғызды. Қалалық сенбілікке эко-волонтерлер, сондай-ақ, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері де қатысты.
Шара барысында президент олармен әңгімелесіп, табиғатқа, жалпы экологияға ұқыпты қараудың маңыздылығына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша Қазақстан болашақта жасыл елге айналуы тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Баршаңызға алғыс айтамын. Сіздер Қазақстанның болашағы. Сондықтан жаңа Қазақстанды ел болып, ұлт болып, мемлекет болып бәріміз құруға кірісуіміз керек.