Астанада жалпықалалық сенбілікке 100 мың адам шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жалпықалалық сенбілікке 100 мың адам шықты

29.04.2014
Астанада жалпықалалық сенбілікке 100 мың адам шықты
Бүгін Астанадағы жалпықалалық сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысты. Бұқаралық шараға 120 жүк тиегіш көлік пен 340 жүк машинасы жұмылдырылды. Осы шаруаның арқасында жалпы аумағы 491,4 гектар саябақтар мен гүлзарлар, 220 га аумақтағы көгалды алаңдар қалдықтардан тазартылды.
 
Шаһарды көгалдандыру, тазалау жұмыстарына қала әкімінің өзі де атсалысты. Елорда басшысы қала тұрғындармен бірге Есіл өзенінің оң жағалауындағы саябаққа 650 көшет отырғызды. Жалпы қалада тазалық айтарлықтай жақсы, сондықтан да сенбілікте ең алғашқы шаруаны ағаш отырғызумен бастадық, дейді әкім.
 
Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:
Осы сенбілік не үшін өткізіледі деген сұраққа жауап берер болсақ, ең алдымен тәрбиелік мәні өте зор. Өздеріңіз көріп отырсыздар, зейнеткерлікке шыққан ұстаздар да сенбілікке келді. Оның арғы жағында жастарды еңбекке баулу, олардың бойында өзімнің сүйікті қалама аз да болса пайдамды тигізейін деген ойды қалыптастыру мәселесі тұр.

Хабарламаларға жазылу