Астанаға 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды

23.04.2018

«Біз – таза қала үшін!» ұранымен өткен жалпықалалық сенбілікке 100 мыңнан аса адам қатысып, қала көшелерін қоқыстан тазартып, көшеттер екті. Қала тазалығына бей-жай қарамайтын халық өз аулаларын ретке келтіріп, экологияның тазаруына аз да болса үлестерін қосты. Қала әкімдігі елорданың орталық көшелерінің өзіне 100-ге жуық ағаш отырғызды. Бұл шара жыл бойы жалғасып, жалпы ел бойынша 90 мың көшет егу жоспарда бар 

Қосман Айтмұхаметов, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

- Астана қаласының әкімі Әсет Өрентайұлының бастамасымен қала көшелеріне адамдар шығып аулаларын тазартып жатыр. Астанаға деген махабатын көрсетіп жатыр. Біз бұған өте қуаныштымз.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу