Виктория Петрик 2010 жылы балалар байқауына қатысқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Виктория Петрик 2010 жылы балалар байқауына қатысқан

23.07.2014
Виктория Петрик 2010 жылы балалар байқауына қатысқан

Украина атынан шығатын Виктория Петрик «Евровидение» балалар байқауының күміс жүлдегері,  2010 жылғы «Балалар Жаңа толқының» жеңімпазы. Көлік жүргізгенді, мұхит жағасында, орманда демалғанды жақсы көреді. Beyonce, Adele шығармашылықтарын ұнатады. Бала кезінен әнші болуды армандап келеді.

«Ес білгелі ән айтып келемін. Ал ұстазбен 4 жасымнан дайындала бастадым. Менің вокалды тембрім – кең диапазонды сопрано»,-дейді әнші.

Виканың музыка тыңдауда белгілі бір бағыты жоқ, көңіліне ұнаған кез келген жанрды тыңдай береді. Сондай-ақ, көп оқиды.

Әншінің сахнада жүргеніне «Жаңа толқын» байқауы сынды 13 жыл болды.

Виктория Петриктің реттік нөмірі – 7.

Хабарламаларға жазылу