«Жаңа толқын-2014» байқауының көрермен көзайымы жүлдесі үшін дауыс беру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа толқын-2014» байқауының көрермен көзайымы жүлдесі үшін дауыс беру басталды

23.07.2014
«Жаңа толқын-2014» байқауының көрермен көзайымы жүлдесі үшін дауыс беру басталды

«Жаңа толқын-2014» байқауының көрермен көзайымы жүлдесі үшін дауыс беру басталды.

Халықаралық байқауда Қазақстан атынан бақ сынап жатқан Әлішер Кәрімовтің реттік саны - 106.

Дауыс беру Kcell, Activ, Beeline, Tele2 операторларының абоненттері арқылы жүргізіледі.

Ол үшін Қазақстан тұрғындары 1212 нөміріне NW сөзін және үміткердің реттік санын SMS-хабарлама арқылы (NW106) жолдайды.

Қазіргі уақытта Әлішер Кәрімов 54 дауыс жинап, 6-шы орында тұр. Топ басында – Тайшон Колкуит (АҚШ) – 85, Петрик Виктория (Украина) – 78, «Style Mix» триосы (Қырғыз Республикасы) – 72, Сона Рубенян (Армения) – 76, Юлия Плаксина (Ресей) - 24.

Дауыс беру 27-шілдеге дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әнін орындайды. Ал, екінші күні «Жаңа толқын-2010» байқауында екінші орынды иеленген украиналық әнші Татьяна Ширкомен дуэт құрмақ.

Байқаудың соңғы күнінде Әлішер осы конкурсқа арнайы жазылған «Әрине» әнімен шығады.

Хабарламаларға жазылу