Алаштанушы мемлекеттік қызметкерлерге тарихтан дәріс оқылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаштанушы мемлекеттік қызметкерлерге тарихтан дәріс оқылды

21.04.2022

Биыл ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы. Осыған орай алаштанушы Сұлтанхан Аққұлұлы «Әлихан Бөкейхан және Тәуелсіздік тағылымы» атты лекция оқыды. Алашорда партиясының жетекшісі болған қайраткердің өмір жолы мен қазақ халқының тәуелсіздік идеясына үлесі қомақты. Дәріс мемлекеттік қызметшілерге арналады. Лектордың айтуынша, әсіресе, сала мамандарына тың деректер мен төл тарихты насихаттау аса маңызды.

Сұлтанхан Аққұлұлы, алаштанушы:

Бүкіл әлемдегі мұрағатты зерттеп, Қазақ хандығы, көне дәуірімізге қатысты құнды деректер табылып жатыр. Бірақ соның бәрі зерделеніп, зерттеліп, қазақ халқының ежелгі көне дәуірінің тұтас тарихы әлі жазылған жоқ. Қазақ халқы әдетте Кеңестік жалған тарихтың көлеңкесінде, соның ықпалында жүрміз.


Хабарламаларға жазылу