Мемлекеттік қызметкерлерге рухани жаңғыруға қатысты дәріс оқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкерлерге рухани жаңғыруға қатысты дәріс оқылады

05.06.2017

Мемлекеттік басқару академиясы Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы талаптарды орындау үшін шенеуніктерді арнайы курстардан өткізбек. «Жобалық менеджмент» деп аталатын дәріс сабақтары 5 күнге созылады. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысады. Олардың арасында қала әкімі орынбасарынан бастап, қарапайым хатшыға дейін бар. Шенеуніктер өзара топқа бөлініп бағдарламаларды орындаудың ретін, оған қандай құжаттамалардың қажеттігін үйренеді. Дәріс сабақтары қызметтік кикілжіңдерді болдырмау, тіл табыса білу курстарын да қамтиды.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу