ЕҰУ студенттеріне дәріс оқылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҰУ студенттеріне дәріс оқылды

30.06.2014
ЕҰУ студенттеріне дәріс оқылды

3-шілде - Беларусь Республикасының тәуелсіздік алған күні. Осыған орай, Еуразия Ұлттық университетінде «Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің қарым-қатынасын дамытудың негізгі бағыттары» атты дөңгелек үстел өтті.

Игі шара   Қазақстандағы Беларусь Елшілігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Оған оқу орнының студенттері мен профессор-ғалымдары қатысты.

Олар  екі ел арасындағы ынтымақтастықты дәріптейтін дәрістер оқып, Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі мақсаттары мен құжаттағы басым бағыттарды талқылады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта жоғары оқу орнының оқытушылары білімгерлерге құнды құжатқа қатысты  түсіндірме жұмыстарын жүргізетіндігін айтты.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу