«Мамандық таңдау - маңызды қадам» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мамандық таңдау - маңызды қадам»

21.04.2014
«Мамандық таңдау - маңызды қадам»

«Мамандық таңдау - маңызды қадам». Осындай тақырыпта  бүгін елордалық оқушылар үшін дәріс оқылды. Оған қаладағы білім ошақтарынан 700-ге жуық 10-11-сынып оқушылары қатысты.  

Мақсат - жастар арасында еңбек нарығында айрықша сұранысқа ие мамандықтарды дәріптеу мен олар туралы ақпараттық негізде кәсіби бағыт-бағдар беру.  

Айта кетейік, бұл шара 25-сәуірге  дейін жалғасатын болады.  

Бақытжан Жүнісбеков, Астана қаласы жастар саясатын қорғау мемлекеттік қорының директоры:

5 күннің ішінде Астана қаласындағы  жалпы білім беретін  мектептердің оқушыларын қамтимыз.  

Айдана ҮСЕНБАЙ
 

Хабарламаларға жазылу