Бизнесті қолдаудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнесті қолдаудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді

19.04.2022

Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен бизнесмендерге 8 миллиард 300 миллион теңге өтемақы төленді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі айтты. Тимур Жақсылықов шағын және орта бизнесті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын таныстырған болатын. Қолдау тапқан құжатқа сай, бизнеске қойылатын талаптарды қайта қарап, жеңілдету көзделіп отыр. Мәселен әкімшілік кедергілер жойылады, рұқсат беру құжаттары қысқарып, бизнестің есеп-қисабын толықтай автоматтандыру және цифрландыру көзделген. Әрі мемлекттік қолдау яғни, «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» секілді бағдарламалар жалғасады. Мұндай шаралар 2030 жылға дейін экономикалық оң өзгерістер әкелуі тиіс. Яғни салада еңбек ететін адамдар санын 5 миллионға жеткізу межесі тұр.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

Сондай-ақ 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40 процентке, жалпы ішкі өнімдегі орташа компаниялардың үлесін 20 процентке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Азаматтарға кәсіпкерлік қабілеттерін іске асыруға тиісті жағдай жасап, ашық әрі адал бизнес жүргізгенде ғана аталған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін болады.


Хабарламаларға жазылу