Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқандар Telegram арқылы нұсқаулық алған – Бас прокуратура
Талдықорған қаласын қиратуға қаржы төлеген. Бүлікке қатысып, жеке мүліктерді талқандап, мемлекеттік нысандарды басып алу үшін 20-дан 100 долларға дейін берілген. Мұны ұйымдастырғандар ұсталды. Олардың қылмысы тергеу барысында анықталып, осы іске қатысы бар өзге күдіктілермен де расталып отыр. Бұл Қаңтар оқиғасына қатысты бір ғана факті.
Нысаналы Ығыл, тілші:
Тергеу тереңдеген сайын түрлі деректер мәлім боп жатыр. Жамбылдық тұрғын Алматыда телеграмм ашып, арандатумен айналысқан. Санаулы сағатта мыңдаған адам жазылып, оларға баррикада құру, «Молотов» коктейльдерін дайындау және құқық қорғау органы қызметкерлеріне қарсы тұруға нұсқау берілген. Күдікті қамауда. Сондай-ақ тағы осы өңірде екі адам көлікпен жүріп арматура, ұрланған полиция қалқандары мен бронжилет таратқан. Қозғалысқа кедергі жасау үшін жолдарды жапқан. Алматыда да 4 күдікті ұсталды. Олар әлеуметтік желілер арқылы темір кесінділерін әзірлеу және тасымалдау туралы тапсырмалар алып отырған. Қазір негізгі үйлестірушілері іздестірілуде. Ал, Шымкентте, Таразда мемлекеттік ғимараттарды қиратушылар полицейлерге оқ атқан. Салдарынан екі жақтан да адам шығыны болды. Мысалы қарсыласта көзі жойылған 11 қылмыскердің екеуі есірткіге еліткен, қалғаны мас болып шыққан. Медициналық зерттеулер соны көрсетіп берген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06