Прокурор Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Прокурор Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

19.04.2022

Алматыда 5 адамды атқан Дужновқа қайтыс болғандардың жақындары мен прокурор өмір бақи жаза сұрады. «Айнабұлақтық атқыш» атымен танылған қылмыскерке қатысты кезекті сот отырысы өтті. Жиында прокурор Дужновтың кінәсі толық дәлелденгенін және Украинада болған қақтығыстарға қатысқанын алға тартты. Қаза болғандардың жақындары Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды және туған-туыстарымен кездесуіне тиым салуын сұрады.

Сәуле Жұманиязова, қайтыс болған сот орындаушысының әйелі:

Қылмыскер өз-өзін қорғағанын айтады. Бірақ бейне бақылау камераларынан алынған таспаларда полиция қызметкерлері мен сот орындаушысы және үйдің жаңа иесінің қарусыз болғанын көруге болады. Олар сізден заң жүзінде үйді босатуды талап етті. Ешқандай күш қолдану фактісі тіркелмеген. Менің күйеуім тек хаттама толтырғысы келген.

Бұл іске қатысты соңғы сот отырысы 21 сәуір күні өтеді. Еске саламыз Игорь Дужнов былтыр қыркүйек айында өз ауласында соттың шешімімен үйін босатуды талап етіп келген 5 адамды атып, жазым еткен. Оның екеуі полиция қызметкері. Көз жұмғандардың қатарында сот орындаушысы мен үйдің жаңа иесі де болған.


Хабарламаларға жазылу