Украинада Донбасс үшін шайқас басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада Донбасс үшін шайқас басталды

19.04.2022

Ресей армиясы Украинаның шығысында шабуылдардың келесі фазасын бастады. Мұны президент Владимир Зеленский жариялады. Ол жаңа операцияны «Донбасс үшін шайқас» деп атады. «Ресей қанша әскер жіберді. Оған қарамаймыз. Біз ұрысқа дайынбыз, өзімізді қорғаймыз», - дейді Зеленский.

Егер Ресей бүкіл Донбасты жаулап алатын болса, онда президент Владимир Путин Украинада қандай да бір жетістікке қол жеткізген болып саналады. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, Мәскеудің содан кейінгі қадамы – Қырым тәрізді Донецк және Луганск облыстарын аннексиялау.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу