Украинада Бахмут үшін шайқас жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада Бахмут үшін шайқас жалғасып жатыр

11.04.2023

Украинада Донецк облысының Мәскеу тағайындаған басшысы Денис Пушилин Бахмуттың 75 пайызы ресейлік күштердің бақылауында екенін айтты. Дегенмен қала толықтай берілді деп айтуға әлі ерте дейді ол. Бахмут үшін шайқас өткен жаздан бері жалғасып жатыр. Украина әскери қолбасшылығы жергілікті әскердің қоршауға түсу қаупі төнсе, кейін шегінуге тура келетінін мәлімдеді. Ал, Ресей Бахмутты алу арқылы шабуылды әрі қарай күшейтуді көздейді. Киев пен Батыс жермен-жексен болған қаланың стратегиялық емес, тек символдық маңызы бар екенін мәлімдеп келеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу