Енді мобильді аударымдарды салық органдары тексермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді мобильді аударымдарды салық органдары тексермек

18.04.2022

Нақты қандай мобильді аударымдарға қатысты ақпараттар салық органдарына беріледі? Қарапайым тұрғындардың жеке мәліметтерің құриялығы қалай сақталады? Қаржы министрлігінің арнайы бұйрығы күшіне енгеніне үш күн өтпей жатып халық арасында түрлі сауалдар көбейді. Жұрттың көңілін алаң еткен бұл сұрақтарды тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы Салық комитетіне қойған еді. Сонымен Жалғас қарапайым азаматтарға алаңдауға негіз бар ма?

Қарапайым тұрдындардың алаңдауына еш негіз жоқ. Біріншіден ақшаны аударғандардың емес, қабылдағандардың мәліметтері тексеріледі. Оның өзінде есеп-шотыңызға әр түрлі адамдардан үш ай қатарынан ай сайын кемінде 100 аударым жасалса ғана салық органдары сізді шақырып, қаржының шығу тегін түсіндіріп беруді талап етуі мүмкін. Тек қаражаттың жасырын кәсіпкерлікпен байланысты емесін дәлдеуіңіз керек. Яғни, жақын туыстарыңыз, достарыңыз ақша аударып жатса ол үшін қам жемеуге болады. Заң бойынша банктер клиенттердің жеке бас мәліметтерінің құпиялығын сақтауға міндетті. Сондықтан мұндай аударымдар туралы ақпарттарды салық органдарына жіберуге шектеу қойылған. Екіншіден, мобильді аударымдарға қатысты мәліметтер төрт кезеңге бөліп, біртіндеп беріледі. Бұл процес бірнеше жылға созылады.

Айнұр Сартаева, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:
2022 жылдың қорытындысы бойынша 2023 жылдың басында Мемлекеттік кірістер органдары тиісті мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген азаматтар және жұбайларының ЖСН номерін банктерге береді. Осы критерий бойынша кәсіпкерлік мақсатта табыс алуы мүмкін деген сұрақ туындайды. Әрі қарай кірістер органдары осы тізімді алғаннан кейін осы азаматтармен жұмыс жасайды.

Ал, келер жылы бюджет саласындағы және квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлердің кіріс-шығысы бақылауға алынады. 3-ші кезеңде – заңды тұлғалардың басшылары мен жеке кәсіпкерлер қамтылса, халықтың қалған санаттарына қатысты мәмліметтер 2025 жылдан яғни, жалпы ортақ декларация тапсыру басталған тұста іске асады.

Исатай Қамбаров, экономика сарапшысы:
Жеке кәсіпкерлер көп жағдайда жасырып қалуға тырысады алып отырған пайдасын. Жеке басының табысын ойлағанымен, жалпы алғанда мемлекетке түсетін салық кем қалып отыр. Бұған жол беруге болмайды. Заң дер кезінде қабылданды деп есептеймін.

Есіңізде болса, үш ай бұрын арнайы заң күшіне еген тұста кейбір кәсіпкерлер қолма-қол ақша талап етіп, қарапайым халық сауда жасай алмай біраз әурелегіп қалған еді. Қазіргі ахуал қалай екен?

Қазір бұл халық арасында ең көп талқыланып жатқан тақырып екені рас. Себебі, көптен бері қағаз ақша ұстамаған жұрт үшін бұл елең еткізер жаңалық. Десе де кәсіпкерлердің немесе такси жүргізушілерінің өткен жолғыдай жаппай қызметі үшін қолма-қол ақша талап етіп жатқаны байқалмайды. Мен өзім де кеше базарға бардым. Саудамды мобильді төлем арқылы жасадым. Бірақ, егер қандай да бір кәсіпкер қызметі, не тауары үшін сізден тек қолма-қол ақша сұрап, түбіртек бермесе, құзырлы органға шағым түсіруге болады.

Айнұр Сартаева, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:
Бұл жерге клиенттің құқығы шектеледі. Жалпы заң бойынша кез келген тұтынушы, сатып алушы дүкенге барғанда 1:52 оған қалай ыңғайлы солай төлеуге құқығы бар. Кәсіпкерлер клиентке қарай бағытталу керек.
Меруерт Махмұтова, экономист:
Бізде екінің бірі жүз пайыз төлемдер алып отырған жоқ. Бізде жеке басының кәсіпкерлігін тіркеу қиын емес, оны тіпті онлайн да тіркеуге болады. Және де оның салығы да көп емес. Упрощенка дегеніміз 3-ақ пайыз. Сондықтан әрине бізде көбі кәсіпкерлер тіркеліп те салықтарын төлеп жатыр.

Түбірек талап ету мемлекет үшін жасалған маңызды іс болмақ. Себебі, бюджеттің 95 пайызы салықпен толып отыр. Яғни, елдің әлеуметтік жағдайы, мұғалімдер мен дәгерлер секілді бюджеттік сала мамандарының жалақысы, зейнетақы мен жәредмақының уақытылы төленуі -салық түсірдеріне тікелей байланысты. Сондықтан заңсыз кәсіпкерліктің жолын кесу, пысықайлардың салықтан жалтаруына жол бермеу -салық органдарының ғана емес, әрбір адамның азаматтық борышы болуы тиіс.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу