Бүгін Алматы қаласындағы Офицерлер үйінде «Соғыс қасіреті - халықтың жан қайғысы» атты фотокөрме ашылды.
Онда соғыс жылдарында Ауған соғысында, Иракта, сондай-ақ, Украинаның Луганск, Донецк қалаларында түсірілген фотолар қойылған.
Акцияға соғыстың бел ортасында болған, зұлмат кездерді көрген ардагерлер қатысты.
«Шараның мақсаты - өскелең ұрпаққа бейбіт заманның қадірін ұғындыру», - дейді ұйымдастырушылар.
Панфилов саябағында жалғасқан акцияда ардагерлер патриоттық ән шырқап, соғыс құрбандарын еске алды.
Марат Қаражігітов, Ауған соғысының ардагері:
Ешқашан соғыс болмаса екен. Бұл - ата-бабаларымыздың да арманы болған. Соғыс халыққа жақсылық әкелмейді. Болашақ ұрпаққа, ұл-қыздарымызға үлгі көрсетіп жатырмыз.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ