Мәскеу қаласында «Танылмаған Қазақстан» фотокөрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу қаласында «Танылмаған Қазақстан» фотокөрмесі өтуде

27.12.2014
Мәскеу қаласында «Танылмаған Қазақстан» фотокөрмесі өтуде

Мәскеудің «Выставочная» метро аялдамасында орналасқан «Метро» галереясында ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігі, ҚР Тұңғыш Президентінің қоры және Мәскеу метрополитенінің ұйымдастыруымен «Танылмаған Қазақстан» атты фотокөрме ашылды.

Көрменің басты мақсаты - Астанадағы «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесінің өткізілуі қарсаңында өте маңызды және Қазақстанның әсемдігі мен шексіз потенциалын көрсету.

PHOTOSAFARI.KZ  фотографтары мен журналистері Қазақстан табиғаты туралы фотокөрме, очерк, мақалалар, бейнематериалдар мен фотосуреттер жасау мақсатында еліміздің барлық қорық және тарихи мекендеріне саяхат жасап, сол жұмыстың нәтижелері Мәскеудегі фотокөрмеге қойылған.  

Хабарламаларға жазылу