Алматы мұражайында «Хиросима мен Нагасаки қасіреті» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы мұражайында «Хиросима мен Нагасаки қасіреті» атты көрме ашылды

11.09.2014
Алматы мұражайында «Хиросима мен Нагасаки қасіреті» атты көрме ашылды

Биыл - Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасының тасталғанына - 69 жыл.

Осыған орай, Алматыдағы Мемлекеттік Орталық мұражайда   «Хиросима мен Нагасаки қасіреті» атты көрме ашылды.

Сыртқы істер министрлігі мен Нагасакидегі Ұлттық Бейбітшілік мемориалды кешені бірлесіп ұйымдастырған шарада атом бомбасы құрбандары еске алынып, жиналғандар естеліктермен бөлісті.

Шараға қатысушыларға жарылыс туралы  деректі фильм көрсетілді.  

 

 Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу