Семей полигоны туралы жаңа туынды жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей полигоны туралы жаңа туынды жарық көрді

21.01.2020

Алматыда белгілі қаламгер Сәуле Досжанның Семей полигоны туралы «Қасірет пен тағдыр» атты жаңа туындысы жарық көрді.

Ауқымды шығармада социалистік режим құрбандарына айналған өңір тұрғындарының қасіреті баяндалады. Радиация кеселінен қынадай қырылған халықтың арасындағы бір отбасының аянышты тағдыры туған жеріндегі ауыртпалық арқылы суреттеледі. Шығармада адам баласына тән махаббат сезімі де, күйініш-сүйініш те, тіпті мистикалық оқиғалар да қамтылған.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу