Басты Жаңалықтар Онкологиялық ауруға күдіктенген жағдайда пациенттерді тексеру мерзімі жеделдетіледі

Онкологиялық ауруға күдіктенген жағдайда пациенттерді тексеру мерзімі жеделдетіледі

Онкологиялық ауруға күдіктенген жағдайда пациенттерді тексеру мерзімі жеделдетіледі. Биылдан бастап «жасыл дәліз» тәсілі енгізіліп, науқастарға көмек көрсетудің жаңа стандарты бекіді.

Жасыл дәліз дегеніміз қатерлі ісік бар болуы мүмкін деп болжанған науқасқа бірден шұғыл көмек көрсетіледі деген сөз. Науқас дәрігерден жолдама алған соң, 1 айдың ішінде барлық тексеруден өтуі тиіс. Пациент қажетті дәрігерге кіру үшін кезекке тұрмайды. МРТ және КТ сияқты қымбат қызметтер тегін жасалады.

Диляра Қайдарова, ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы:
Біз жасыл дәліз стандартын енгізіп отырмыз. Пациент емханаға келіп, өте қысқа уақытта қарала алады. Оның барлық тексерулері тегін жасалуы тиіс. Шамамен 28 күнде науқас қажетті тексерулерден өтуі керек. Ары қарай пациенттен ауру анықталса ем-дом тағайындалады.

Өкінішке қарай өткен жылы қатерлі ісікпен ауырғандар саны 9,8 есе артқан. 36 мың жаңа жағдай тіркелген. Бұған коронавирустың ықпалы бар. Осылайша қазақстанда қатерлі дертпен ауыратындары қатары 190 мыңға жетті.

Мұхтар Төлеутаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көпсалалы медицина орталығының директоры, нұр-сұлтан қаласының бас онкологы:
Алғашқы орында - сүт безі обыры, екінші орында – тік ішек пен тоқ ішектің ауруы тұр, үшінші орында асқазанның ісігі тұр. 06:18 дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жолға қойылған.

Қазір елімізде халықаралық деңгейдегі онкологиялық орталық салынып жатыр. Кешенде пациенттер шетелге шықпай-ақ соңғы заманауи диагностикадан өте алады. Мекемеде жоғары технологиялық ем-дом жасалады. Оңалтуға дейінгі медициналық көмек жүргізіледі. Құрылыс мерзімі 2024 жылы аяқталады.

Раушан Сайлауқызы


Бөлісу